"Цифрлық әлемдегі заманауи білім беру" тақырыбында » №7 «Тұран» мектеп-гимназия »КММ
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының
Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің
"№7 «Тұран» мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Цифрлық әлемдегі заманауи білім беру" тақырыбында
06
март
2025

"Цифрлық әлемдегі заманауи білім беру" тақырыбында





" N7 "Тұран" мектеп- гимназия коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 05.03.2025 ж.күні "Цифрлық әлемдегі заманауи білім беру" тақырыбындағы тілдер онкүндігінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Балтабай Роза Құдайбергенқызы 9"Ә" сыныбымен "Т.Айбергеновтің "Сағыныш" өлеңінің идеясы" деген тақырыпта ашық сабақ өтті.Сабақты бастамас бұрын ұйымдастыру кезеңі және  оқушылардың көңіл- күйін көтеру мақсатында "Жүректі тазарту" тренингі өткізілді.Үй тапсырмасын сұрау барысында "Шыныдағы өмір жолының жарқыраған беттері" деген әдісті  орынды қолданып, ақынның өмір жолы мен шығармашылығынан көптеген мәліметтер алды.Үйге берілген "Сағыныш " өлеңін "Сағынышпен өрілген шеңбер" әдісін қолданып, шеңбер бойымен тұрып, апайдың өзі бастап оқушылары жатқа,мәнерлеп оқып шықты.Әрбір оқушыға "Өзін - өзі бағалау" парақшасы беріліп,өздері әр тапсырма бойынша балл қойып отырды.
   Жаңа сабаққа байланысты қосымша түсінік беріліп, топтық тапсырмалар орындалды.Оқушылар сабаққа түгел, белсенді қатысты.Сабақ барысында жасанды интеллект  әдістерінің бірі : Т.Айбергеновтің өзі оқушыларға сұрақ қойып, сұрақтарына жауап алды."Сурет пен сөздің үйлесімі" әдісі бойынша сурет пен сөздердің үйлесімі арқылы өлең шумақтарын тауып,оқыды.Сабақ үстінде "Ойтолғаныс" әдісі арқылы тақтамен жұмыс жасады , аяқталмаған сөйлемдерді бір мағыналы,нақты сөйлеммен аяқтады.
Сабақ соңында кюар код арқылы оқушылардан кері байланыс алынды.Мұғалім сабақты қорытындылады,бағалады,үйге тапсырма берілді.
       Сабаққа оқушылар белсенді қатысты, сабақ өте жоғары деңгейде өтілді және цифрлық әлемдегі заманауи білім берудің негізін көрсете білген сабақтардың бірі болды.
Сабаққа қатысқан мұғалімдер сабақты өте жоғары деңгейде өтілді деп баға берді .Ұстазымыздың білім жолындағы еңбегіне толағай табыстар тілейміз!