23
август
2024
"Химия, биология сабақтарында цифрлық оқытуды дамытудың негізгі бағыттары мен келешегін анықтау" тақырыбында тамыз педагогикалық секциялық отырысы
![]() | ![]() |
Түркістан облысы, Жетісай ауданының білім бөлімі әдістемелік кабинетінің химия, биология пәні әдіскерлері З.Оспанова, Г.Мырзаеваның ұйымдастыруымен 23.08.2024 жылы "Химия, биология сабақтарында цифрлық оқытуды дамытудың негізгі бағыттары мен келешегін анықтау" тақырыбында тамыз педагогикалық секциялық отырысы болып өтті. Секциялық отырысқа білім беру ұйымдарынан химия, биология пәнінің бірлестік жетекшілері түгел қатысты.
Секция барысында З.Оспанова ұстаздарды жаңа оқу жылымен құттықтап, секция бағдарламасымен таныстырды.
Бағдарлама бойынша З.Оспанова 2024-2025 оқу жылында "ҚР-ның жалпы білім беретін меткептеріне білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы" ӘНХ және химия, биология пәнін оқытудың ерекшеліктерін түсіндіріп өтті. Сонымен қатар 2023-2024 оқу жылында атқарылған жұмыстарды қорытындылады. Г.Мырзаева «Цифрлық ұстаз жобасын» таныстырды.
Тамыз секциясында Т.Рысқұлов атындағы №20 ЖББМ химия пәні мұғалімі М.Есенин, №10 «Қайнар» МГ химия пәні мұғалімі "Ауыл мен қала мектебі" тақырыбында шебер - сынып, №7 "Тұран" МГ химия, биология пәнінің мұғалімдері Т.Аралбаев, А.Тулентаев "Оқушыларды ғылыми жұмысқа баулу заман талабы" тақырыбында коучинг,
Н.Оңдасынов атындағы №14 ЖББМ биология пәні мұғалімі К.Шынтаева "Биология және жасанды интеллект" тақырыбында баяндама, Б.Майлин атындағы №21 ЖББМ химия пәні мұғалімі Н.Ауельбекова, І.Жансүгіров атындағы №30 ЖББМ химия пәні мұғалімі С.Джураева "Заманауи әдіс – тәсілдердің сабақта қолданудың тиімділігі" тақырыбында шебер - сынып өткізді.
Секция барысында З.Оспанова 2024-2025 оқу жылының әдістемелік нұсқау хатының ерекшеліктеріне тоқталып өтті. Білім беру ұйымдарының химия, биология пәнінің жетекшілеріне жұмыс жасау барысында әдістемелік нұсқаулықта берілген ерекшеліктерді ескеру ұсынылды.

