2024-2025 оқу жылы тарих пәнінен аудандық тамыз секциясы.
2024 жылдың 22-тамызы күні цифрландыру және жасанды интеллект технологияларын енгізу жағдайында білім беру жүйесін дамытудың бірыңғай тәсілдерін қалыптастыру мақсатында «№4 Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп-гимназиясы» КММ базасында «DIGITAL KAZAKHSTAN »:«Жаңа замандағы білім беру» тақырыбында аудандық тамыз кеңесінің секциясы өтілді. Секция жетекшісі аудандық тарих пәні әдіскері Б. Нұрасаров жаңа 2024-2025 оқу жылындағы әдістемелік нұсқаулықпен таныстырды. Тамыз секциясында «№7 Тұран мектеп-гимназиясы» тарих пәні мұғалімі Наханова Гульмира Амантайқызы «Құқық негіздері пәнінде ЦБР қолдану арқылы білім сапасын арттырудың тиімді жолдары » тақырыбында баяндама оқыды. Цифрлық сауаттылық -бұл адам өмірінің барлық салаларында цифрлық технологтяларды сенімді, тиімді қолдануға дайындығы және қабілеті. Білім саласы күрделі процесс. Білім мен тәрбие саласында Отандық және халықаралық озық тәжірибелерге сүйене отырып, бәсекеге қабілетті және үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыруға жағдай жасау арқылы еліміздің адами капиталының дамуына үлес қосу. ЦБР арқылы білім сапасын арттыру заман талабы.