“ЦИФРЛЫҚ ӘЛЕМДЕГІ ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ” » №7 «Тұран» мектеп-гимназия »КММ
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының
Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің
"№7 «Тұран» мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “ЦИФРЛЫҚ ӘЛЕМДЕГІ ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ”
03
март
2025

“ЦИФРЛЫҚ ӘЛЕМДЕГІ ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ”




“ЦИФРЛЫҚ ӘЛЕМДЕГІ ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ”
 23.03.2025ж. күні «№ 7 «Тұран» МГ» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде  қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті және ағылшын тілі пәндерінің онкүндігінің ашылу салтанаты болып өтті.
Онкүндіктің ашылуы барысында мектеп басшысы Кожбанова Хадиша Нартайқызы  құттықтау сөз  сөйледі. Өз сөзінде қазіргі заманғы білім беру саласында тілдердің рөлі, олардың маңызы, ұлттық тілдерді үйрену қажеттілігі туралы айтып өтті.
Онкүндік мақсаты: Оқушылар  арасында тілдерге қатысты түрлі шығармашылық және танымдық жұмыстар ұйымдастыру. Әр түрлі ұлттардың тілдері мен мәдениеттерін бір-біріне таныстыру арқылы көпмәдениетті білім беру жүйесін дамыту.
Онкүндік барысында келесі іс-шаралар өткізілетіні жарияланды:
• Әдеби оқулар мен шығармашылық кештер;
• Тілдер бойынша викториналар мен ойындар;
• Көрмелер мен панорамалар;
• Шеберлік сыныптары;
Онкүндіктің ашылу салтанаты үлкен қызығушылық пен қуанышпен өтті. Бұл іс-шара тілдерді үйренуге деген қызығушылықты арттырып, қатысушылар арасында туған тілге деген құрмет пен ынтымақтастықты нығайтты.