АУДАНДЫҚ СЕМИНАР: БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕМЕЛЕРІ » №7 «Тұран» мектеп-гимназия »КММ
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының
Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің
"№7 «Тұран» мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » АУДАНДЫҚ СЕМИНАР: БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕМЕЛЕРІ
20
апрель
2024

АУДАНДЫҚ СЕМИНАР: БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕМЕЛЕРІ





19.04.2024ж күні Жетісай ауданының білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің әдіскері А.Қазманбетованың ұйымдастыруымен "N7 "Тұран" мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің базасында  «Білім беру мазмұнын жаңартудың заманауи тәсілдемелері» тақырыбындағы аудандық семинары өтілді. 
Семинарға аудандық шығармашылық топ мүшелері және жетекші мектеп координаторлары шақырылды. Семинардың мақсаты – білім беру мазмұнын жаңартудың теориялық-әдіснамалық аспектілері мен заманауи тәсілдемелерін өзара бөлісу, тәжірибе алмасу болды. Іс-шара бағдарламасына сәйкес құндылықтар бойынша шебер-сынып көрсеткен Алтынай Маханбетқызы білім беру мамзұнын трансформациялау, білім беру мазмұнындағы басты құндылықтар, «адал адам – адал еңбек – адал табыс» түлек моделін қалыптастыру тақырыптары аясында топтық жұмысты белсенді формада үйымдастыра отырып, қатысушылардың білім беру мазмұнындағы құндылықтарды үйлестіру дағдыларын тәжірибеде көрсетті. Ортаға салынған сұрақтарға кері байланыс жасалып, семинарға келушілерге жұмыс барысында қолдануға үлестірмелі материалдар таратылды