14
сентябрь
2023
ЖАҒРАФИЯ ПӘНІНІҢ ЖАЙ ЖАПСАРЫ
![]() | ![]() |
Жетісай ауданының білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарының география пәні мұғалімдерімен №7 " Тұран" мектеп-гимназияның базасында аудандық география пәні мұғалімдеріне арналған 2023-2024 оқу жылында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру бойынша ақпараттық семинар болып өтті.Семинар барысында Жетісай ауданы білім бөлімінің география пәні әдіскері Есенбаева Ұлжан Бақытқызы апай әдістемелік нұсқаулықпен таныстырып, 2023-2024 оқу жылының рейтінгісін көтеру үшін оқушымен жұмыс жасауды күшейтуді алға тартты. Сондай-ақ ғылыми жобалардың маңызын ескере отырып Жетісай ауданының географтары болып өзекті тақырып бойынша бірлесе жұмыс жасауға шақырды. География пәні мұғалімі, магистрі Торгаутова Айсапар Ғылыми жобалардың мақсаты,міндеті жалпы құрылымы туралы баяндап берді. №72 жалпы орта мектебінің география пәні мұғалімі Карикбаев Серік «География пәнін оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолданудың тиімділігі» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.Одан бөлек ауданымыздың әртүрлі мектептерінен келген мұғалімдер өзінің ой-пікірі мен ұсыныстарымен бөлісті. Басқа да сұрақтар қойылып мұғалім жетерлік деңгейде өз жауаптарын ала алды.

