ГЕОГРАФИЯ ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР » №7 «Тұран» мектеп-гимназия »КММ
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының
Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің
"№7 «Тұран» мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ГЕОГРАФИЯ ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР
18
сентябрь
2023

ГЕОГРАФИЯ ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР


Жетісай ауданының білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарының география пәні мұғалімдерімен №7  «Тұран» мектеп-гимназиясында  аудандық география пәні мұғалімдеріне арналған 2023-2024 оқу жылында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру бойынша ақпараттық семинар  өтті. Семинар барысында Жетісай ауданы білім бөлімінің география пәні әдіскері Есенбаева Ұлжан Бақытқызы әдістемелік нұсқаулықпен таныстырып, 2023-2024 оқу жылында оқушылармен жұмыс жасауды күшейтуді алға тартты. Сондай-ақ ғылыми жобалардың маңызын ескере отырып, Жетісай ауданының географтары бірігіп, өзекті тақырып бойынша бірлесе жұмыс жасауға шақырды. География пәні мұғалімі, магистр Торгаутова Айсапар, ғылыми жобалардың мақсат - міндеттері мен жалпы құрылымы туралы баяндап берсе, ал №72 жалпы орта мектебінің география пәні мұғалімі Карикбаев Серік «География пәнін оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолданудың тиімділігі» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.