15
февраль
2024
" №3 психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру"
![]() | ![]() |
"№7 "Тұран" мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 14.02.2024 жылы Түркістан облысының білім басқармасының " №3 психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен " Жалпы білім беру ұйымдарындағы ППҚ мамандарының ПМПК қорытындыларын іске асыру жұмыстары" тақырыбында ауданның арнайы педагогтарына, педагог-логопедтеріне және педагог-ассистенттерге семинар өткізді. Семинар барысында ПМПК басшысы Молдабекова Дина ЕББҚ балалар туралы толық мәлімет берді. ПМПК-ның арнайы педагогы Шернияз Айгүл арнайы педагогтарды ЕББҚ ететін оқушылардың оқу бағдарламасын түсіндіріп өтті. ПМПК-ның логопед маманы Қосмамбетова Роза педагог-логопедтерге арналған құжаттар туралы түсіндірді. Ал педагог-ассистенттерге ПМПК-ның дефектолог маманы Оспанова Айнұр түсіндірме жұмысын жүргізді. Семинар соңында ПМПК мамандары арнайы педагогтармен кері байланыс жасап, толық түсіндерме жұмыстары жүргізілді.

