06
февраль
2024
Сәкен Жүнісовтің 90 жыл толуына орай әдеби шолу өткізілді
![]() | ![]() |
06.02.20224 ж. күні “№7” Тұран мектеп- гимназия коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кітапханасында 7 а сынып оқушылары пән мұғалімі Тұрсынбаева Мейрамкул апай мен Қазақстанның халық жазушысы Сәкен Жүнісовтің 90 жыл толуына орай әдеби шолу өткіздік.
Сәкен Жүнісов біріңғай жазушылықпен айналысқан. Жарты ғасырға таяу шығармашылық өмірінде қазақ әдебиетін өркендетуге өлшеусіз үлес қосты. Пьесалары Республика театрларында қойылды. Балаларға арнап жазған көптеген еңбектері жарық көрді. Сәкен Жүнісов прозаик, драматург, публицист, әдебиет сыншысы, қоғам қайраткері ретінде туған әдебиетінің өте маңызды кезеңдерін бейнелеген сүбелі шығармалар берген, халық өмірінің көркем шежіресі секілді сыр шертеді. Ол- ел жұртына кеңінен танылған, халықтың сері азаматы, қадірменді ұлы, шын мәніндегі халық жазушысы. Оның қаламынан шыққан әрбір еңбегі үнемі халықтың жүрегіне жол тауып, рухани асыл қазынасына айналып отыр. Ол әдебиет пен өнер шеберлерінің ішіндегі аса дарындыларының бірі екені сөзсіз.
Кітапханашы: Р. Рапишева.

