02
март
2023
Махамбет Өтемісұлының туғанына-220 жыл толуына орай әдеби сағат өткізілді
![]() | ![]() |
![]() | ![]() |
02.03.23. күні .”N7 ”Тұран" мектеп- гимназия” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кітапханасында 10 а сынып оқушылары мен пән мұғалімі Асқарова Зубайра апай мен Қазақтың ақыны , дауылпаз жыршысы Махамбет Өтемісұлының туғанына-220 жыл толуына орай әдеби сағат өткізілді. Махамбет Өтемісұлы қазақтың ХІХ ғасырдағы көрнекті жыршы ақындарының бірі, батыры. Махамбет Өтемісұлы отаршылдыққа қарсы Исатай Тайманов бастаған көтерілісті ұйымдастырушылардың бірі, осы көтерілістің жалынды жыршысы. Ол Қазақ хандығының соңғы жырауы деп тануға болады. Ол өзі өмір сурген заманның ағымына жүйрік, қыр сырын жетік меңгерген, көзі ашық, көкірегі ояу, білімдар адам болған. Махамбет- халықты патшалық, хандық өкіметке қарсы қарулы көтеріліске шақырған алғашқы қазақ ақыны. Махамбеттің өлеңдері халықтың рухын көтерген, азаттық пен әділеттілікке қол жеткізуге шақырған.
Кітапханашы: Р. Рапишева.



