Аптаның айшықты күндерінен есеп. » №7 «Тұран» мектеп-гимназия »КММ
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының
Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің
"№7 «Тұран» мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
февраль
2023

Аптаның айшықты күндерінен есеп.










"№7«Тұран»   мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 13.02.2023-17.02.2023ж күндері өтілген Іс шаралар есебі. 
13.02.2023 ж күні Мектебімізде Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 34 жыл толуына орай аудандық іс шара өтілді. Жетісай өңіріндегі ауған соғысы ардагерлері келіп қатысып, футбол жарысынан лига ұйымдастырылды.
13.02.2023ж күні Ақпан айындағы директор жанындағы әдістемелік кеңес өткізілді.
13.02.2023 ж күні“N7”” Тұран мектеп- гимназия” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кітапханасында бастауыш сынып мұғалімі Құдайбергенова Нұржамал апай мен бірлесе отырып 4 ә сынып оқушыларымен, Қазақтың аса көрнекті ағартушы педагогы, жазушы, этнограф қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің “ Кел, балалар оқылық! деп әңгімелерімен таныстыру мақсатында танымдық сабақ өттік. Мақсатымыз: Ы. Алтынсариннің өлеңдерімен танысу, әңгімелерін талдау. Ұлы тұлға жайлы ой өрісін, ойлау қабілетін дамыту. Ы. Алтынсарин туралы насихаттау. Ы. Алтынсарин атамыздың шығармашылығын қадірлеп, құрмет тұтатын балаларымыз көп болсын.
Кітапханашы: Р. Рапишева.
14.02.2023 ж күні Мектебімізде "Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 34жыл" толуына орай 6-7сынып оқушылары арасында футболдан жарыс өтілді. Іс шараға Ауған соғыс ардагері Претов Оразбек ағамыз қатысып, оқушыларға ізгі тілегін білдірді.
14.02.2023ж 3 «Ә» сынып жетекшісі Претова Гулжамал  оқушыларымен «Ауғанның асуында от кешкендер» атты ауған ардагері Оразбек Абдыханұлымен кездесу кеші өткізілді. Оқушылар патриоттық әндер айтып, өз өнерлерін көрсетті. Соғыс жылдарындағы оқиғаларға «Жылдар сөйлейді» баяндама айтылды. Ауған соғысының ардагері Оразбек Абдыханұлымен сұхбат болды. Кеш соңында мектебіміздің директоры Хадиша Нартайқызы, Халия апай, Ерболат ағайлар жақсы тілектерін айтты.
15.02.2023 ж күніДиректордың оқу істері жөніндегі орынбасары Г.Сарсенбаева және мектеп кітапханашысы Р.Рапишева  оқушылардың апталық жиынында "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында өткізілген іс-шаралар бойынша оқушыларды марапаттады.
15.02.2023 ж күні 9 А сыныбы мен қазақ тілі мен әдебиеті пәні  мұғалімі Аденова Зауреш Амалбекқызы Бейімбет Майлин "Шұғаның белгісі" тақырыбында өтілген ашық сабақ өтті.
15.02.2023 ж күні 15.02.23. күні “N7”” Тұран мектеп- гимназия”  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кітапханасында 10”в” сынып оқушылары және сынып жетекшісі Пірімбекова Мадина апай мен 15 ақпан - Ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылған күніне орай” Ауғанның отты жалыны” атты тәрбие сағаты өтілді. Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу, оқушыларға патриоттық тәрбие беру. Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету. Өткенін ескермеген өшеді, Өткенін қастерлеген өседі- демекші, берер тәлімі мол тарихтың тірі куәгерлері аман болсын.
Кітапханашы: Р. Рапишева.
16.02.2023ж күні "№7«Тұран» мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің      5 «А» сынып оқушысы Бекмурза Арон        5-6 сынып оқушылары арасында өткізілген аудандық Республикалық олимпияданың аудандық кезеңінде жоғары нәтиже көрсеткені үшін II дәрежелі Дипломмен марапатталды. Мектеп директоры Хожбанова Х.Н. алғысын білдірді. 
16.02.2023ж күні Мектебімізде “Жаңа мектепке-жаңашыл ұстаз” Республикалық сайысының ағылшын тілі, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің аудандық кезеңі өтті.
16.02.2023ж күні "Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 34жыл" толуына орай мектебімізде Дойбыдан жарыс өтілді.
17.02.2023ж күні Мектебіміздің қосымша білім беру педагогтерінің ұйымдастыруымен "Ауған, сөнген шоқ, өшкен арман, тек сенен есте қалған" атта тақырыпта әдеби кеш өтілді. Ауған соғысы ардагерлері Претов Оразбек және Шүкірбаев Әлібек мырзалар қатысып, оқушыларға ауған соғысында болған оқиғаларды айтып берді.
17.02.2023 ж күні Мектебімізде 1-11сынып оқушыларының ата-аналар жиналысы өтілді. Оқушылардың тәртіп, тәрбиесі, сабаққа қатысымы, білім сапасы, қауіпсіздік ережелері тақырыптары қаралды.
17.02.2023 ж күні 16.02.23. күні”N7” “Тұран мектеп- гимназия” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кітапханасында “7 ә” сынып оқушылары, пән мұғалім Балтабай Роза апай мен бірге Алаш қозғалысының қайраткері    М. Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толуына орай, өмір жолымен, шығармаларымен тереңірек таныстыру мақсатында әдеби сағат өтті. Ақын тұңғыш өлеңінен бастап әлеуметтік тақырыпқа ден қойып, ағартушылық, ұлт- азаттық, демократияшыл бағытты ұстанды. Мағжан ақын ел ішіндегі мәселелерді көтерді, халқын өнер- білімге шақырды. Өз поэзиясының алғашқы қадамдарынан бастап ақтық демі біткенге дейін Мағжан Бекенұлы ұлт азаттық тақырыбын үзбей толғанды, оны өз поэзиясының өзегі етті. Мағжан Жұмабаев жай ғана ақын емес, ұлт болашағы үшін күрескен Алаш қайраткері, рухты жырларымен халықты жігерлендіріп, елді татулыққа шақырды. Мағжан Жұмабаев мұрасын жас ұрпаққа таныту, олардың азаматтық ұстанымының, ұлттық ой- санасының қалыптасуына ықпал ету.
Кітапханашы: Р. Рапишева.