17
февраль
2023
М. Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толуына орай, өмір жолымен, шығармаларымен тереңірек таныстыру мақсатында әдеби сағат өтілді
![]() | ![]() |
![]() | ![]() |
16.02.23. күні ”N7 “Тұран" мектеп- гимназия” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кітапханасында 7 "ә” сынып оқушылары, пән мұғалім Балтабай Роза апай мен бірге Алаш қозғалысының қайраткері М. Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толуына орай, өмір жолымен, шығармаларымен тереңірек таныстыру мақсатында әдеби сағат өтті. Ақын тұңғыш өлеңінен бастап әлеуметтік тақырыпқа ден қойып, ағартушылық, ұлт- азаттық, демократияшыл бағытты ұстанды. Мағжан ақын ел ішіндегі мәселелерді көтерді, халқын өнер- білімге шақырды. Өз поэзиясының алғашқы қадамдарынан бастап ақтық демі біткенге дейін Мағжан Бекенұлы ұлт азаттық тақырыбын үзбей толғанды, оны өз поэзиясының өзегі етті. Мағжан Жұмабаев жай ғана ақын емес, ұлт болашағы үшін күрескен Алаш қайраткері, рухты жырларымен халықты жігерлендіріп, елді татулыққа шақырды. Мағжан Жұмабаев мұрасын жас ұрпаққа таныту, олардың азаматтық ұстанымының, ұлттық ой- санасының қалыптасуына ықпал ету.
Кітапханашы: Р. Рапишева.



