Оралхан Бөкейдің шығармаларына әдеби шолу жасадық » №7 «Тұран» мектеп-гимназия »КММ
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының
Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің
"№7 «Тұран» мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Оралхан Бөкейдің шығармаларына әдеби шолу жасадық
28
сентябрь
2023

Оралхан Бөкейдің шығармаларына әдеби шолу жасадық







Бүгін 28.09.2023ж. күні “N7 "Тұран"мектеп- гимназия” кітапханасында жазушы- драматург Оралхан Бөкейдің туғанына-80 жыл толуына орай 7 б сынып оқушыларымен бірге Оралхан Бөкейдің шығармаларына әдеби шолу жасадық. Жазушы Д. Исабеков “ Оралхан Бөкей..... Осы бір есім қазақ әдебиетінде небәрі 25-26 жыл ғана өмір сүріпті, сол аз ғана ғұмырдың ішінде ол туған әдебиетінің аспанында құс жолындай айқын із қалдырды” деп жазған еді. Қамшының сабындай қысқа ғұмырында қазақ әдебиетінің классикалық үлгілерінің қатарына қосылған, туған жері, Алтайының мөлдір тау бұлақтарындай бірден шөлді қандыратын туындылар қалдырып кеткен талант иесі, философ, публицист, драматург. Әдебиетке өзіндік өрнегін сала келген қаламгерл оқырманын өзгеге ұқсамайтын қолтаңбасымен таңғалдырды. Менің повесть, әңгімелерімнің сюжеттері туған жер, жастық шағымда болған оқиғалар туралы естеліктерге толы- деп жазды ол. Оралхан Бөкейдің мақалаларындағы еркіндік, ешкімге жалтақтамайтын турашылдық, батылдық, ол заман үшін үлкен жаңалық еді. Ұлы жазушы Шерхан Мұртаза “ Оралхан- дүниеден озса да кітаптары өмір сүріп келеді, өмір суре береді. Олар: жасқа- ақыл, кәріге- қуат, бақытқа бақыт қосады. Бақытсызға медет болады” деп, өскелең ұрпақты Оралханның әдебиетін түсінуге, одан рухани құнар алуға шақырған болатын.
Кітапханашы: Р. Рапишева.