30
март
2023
Қазақтың халық жазушысы, драмматург Ғ. Мүсірепов -121 жас, әдеби шолу өтті.
![]() | ![]() |
![]() | ![]() |
30.03.23.ж күні” N7 “ Тұран мектеп- гимназия коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кітапханасында 9 в сынып оқушылары, пән мұғалімі Аширбекова Замира апай мен Қазақтың халық жазушысы, драмматург Ғ. Мүсірепов -121 жас, әдеби шолу өтті. ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілдерінің бірі Ғабит Мүсірепов артына мол әдеби мұра қалдырды. Сөз зергері атанған Ғ. Мүсірепов інжу- маржандай құлпырған көркем шығармалары қазірде оқырмандар жүрегіне жол тауып, ізгілік дәндерін себуде. ХХІ ғасырға қадам басқан қазақ әдебиетін Ғ. Мүсіреповсіз көзге елестету қиын. Ғ. Мүсірепов- дарынды драматург, алмастай өткір алымды сыншы, шебер аудармашы, көркем очерктің майталманы, киносценарист. Ең бастысы, ол- еліне абыройлы азамат болды. “ Ақын болмасаң болма, азамат болуға міндеттісің” деп Некрасов айтқандай, Ғабит Мүсірепов- Отанына адал қызмет еткен, қазақ халқының жарқын болашағы үшін әдебиет майданында аянбай күресіп, сөз өнерінен биік рухани мұнара тұрғызған абзал азамат.
Кітапханашы: Р. Рапишева.



