16
март
2023
“ Атадан- өсиет, анадан қасиет” ( тыйым сөздердің мағынасын түсіндіру) әдеби сағаты өтілді
![]() | ![]() |
15.03.23. күні “N7” Тұран мектеп- гимназия” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кітапханасында 6 б сынып оқушылары және қазақ тілі әдебиет пән мұғалімі Дүйсембаева Айнур апай мен “ Атадан- өсиет, анадан қасиет” ( тыйым сөздердің мағынасын түсіндіру) әдеби сағаты өтті. Енді ғана өмір есігін ашып, жарық дүниенің өзіне беймәлім сырларына қызыға қарайтын сәбидің көргені мен естігендері тасқа жазылған хаттай санасына сақтала береді. “ Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің” деп бабаларымыз текке айтпаған. Халқымызда баланы- жастан деген сөз бар. Адамдық тәрбиенің алтын арқауы да, халық педагогикасының қайнар бастауы да- әдептілік. Ұл- қызына көрсетер инабатты үлгісі жоқ, әдебі жоқ халық болмайды. Қазақ халқы ертеден бастап өз баласын тыйым сөздерді ескеріп, оларды жақсы тәрбиеге бағыттауды жөн көрді. Ізгілікті аңсаудан туған ырымдар, бәле- жала кесапаттан сақтандыратын тыйымдардың тәрбиелік мәні өте зор. Ырымдар мен тыйымдар халқымыздың әлеуметтік өмірінде, тұрмыс- тіршілігінде жас буын тарапынан бұлжымай орындалып отырған. Тыйым сөздер жағымсыз, келеңсіз әрекетті тоқтатуға арналған. Тыйым және тыйым сөздер адамдардың іс- қимылын үйлестіріп үндестіру, ретке салып, тәртіпке келтіру рөлін ойнаумен бірге, тілдіғ әдепті, қимылдың ибалы да ізетті болуы сынды қоғамдық моральдық қалыптасуына үлкен ықпал жасайды. Оқушылардың бойына еліміздің ата- салтын, адамгершілік асыл қасиеттерді бойларына сіңіре отырып, үлгі- өнеге алуға баулу.
Кітапханашы: Р. Рапишева.

