06
декабрь
2022
Қыз бала — ұлттың ұяты, халықтың шырайы тақырыбында кезектен тыс қыздар жиналысы өтілді.
![]() |
![]() |
![]() |
Қазақ халқы қыз тәрбиесіне әрдайым аса назар аударған. Қызға қырық үйден тыйым салып, жүріс-тұрысын қадағалаған. Абай атамыз: «Ары бар, ақылы бар, ұяты бар ата-ананың қызынан қапы қалма» демекші, қыз бала тәрбиесі оның ата-анасына да байланысы бар екенін білдіріп тұрғандай.Тарихымыздың сан түрлі парақтарын ақтарсақ, қазақ қыздары мен қазақ әйелдері туралы, жалпы аналар әлемі туралы қалам тербемеген тұлғалар сирек екен.Айтылған өсиет сөздерді бойына сіңіріп өскен өскелең ұрпақтан күтер үміт мол.Аталмыш тақырып бойынша мектебімізде қыз балалармен жиналыс өткізіліп,түсіндіру жұмыстары жүргізілді.


