Мектебімізде ғұлама Қожа Ахмет Йассауидің туғанына 930 жыл толуына орай әдеби шолу өтілді » №7 «Тұран» мектеп-гимназия »КММ
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының
Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің
"№7 «Тұран» мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектебімізде ғұлама Қожа Ахмет Йассауидің туғанына 930 жыл толуына орай әдеби шолу өтілді
14
март
2023

Мектебімізде ғұлама Қожа Ахмет Йассауидің туғанына 930 жыл толуына орай әдеби шолу өтілді








14.03.23. күні “N7 ” Тұран мектеп- гимназия” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кітапханасында 6” а” сынып оқушылары мен, пән мұғалімі Тұрсынбаева Мейрамкүл апай мен Ақын, ойшыл, ғұлама Қожа Ахмет Йассауидің туғанына 930 жыл толуына орай әдеби шолу өткіздік. Қожа Ахмет Йассауи- сопылық дүниетанымның негізін қалаушылардың бірі, есімі ислам әлеміне мәшhүр ойшыл қайраткер, аса көрнекті ақын. Ақынның толық аты жөні: Хазірет Султан Шейх- ул Ислам Қожа Ахмет Йассауи.  Ақынның “ Диуани хикмет”,” Мират- ул қулуб” және”Пақыр- наме” деп аталатын шығармалары Ахмет Йассауидің сопылық ілімінің, дүниетанымы мен философиясының теориялық негізі болып табылады. Ахмет Йассауи дүниетанымының жалпы желісін екіге бөліп қарастырған жөн. Біріншісі- моральдық- этикалық( парасаттылық) ал екіншісі- сопылық хикметтер беп атауға болар еді. Ахмет Йассауи жырлары тек қазақ еліне ғана емес, бүкіл түркі тілдес халықтарға ортақ мұра екені мәлім. Арада сан ғасырлар өтсе де, өзінің мән- мағынасын кемітпей, қайта уақыт озған сайын қадір- қасиеті арта түскен бұл ғажайып хикмет- жырлар ұрпақтан- ұрпаққа жалғасып, рухани мұра ретінде өмір сүре беретіні даусыз. 
Кітапханашы: Р. Рапишева.