21
декабрь
2022
Әзілхан Нұршайыховтың 100 жыл толуына орай іс-шара өтілді
![]() | ![]() |
![]() | ![]() |
“N7 ”Тұран мектеп- гимназия” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кітапханасында 20.12.22. куні Қазақстанның халық жазушысы, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әзілхан Нұршайыховтың 100 жыл толуына орай 8” ә” сынып оқушылары, пән мұғалімі Әшірбекова Замира апай мен жазушының өмірімен шығармаларына шолу жасап танымдық сабақ өтті. Ә. Нұршайықов табиғи талантынан бастау алған әлемдік әдебиеттің небір інжу- маржанынан сыр арқауын тартқан шығармасымен, елінің ертеңіне сарабдал ой тастап, бүгінгісіне шеберлікпен талдау жасаған саясаткерлік, қайраткерлік, азаматтық парызы биік, телегей талант иесі екендігімен мәлім. Ә. Нұршайықов- қазақ әдебиетіндегі еңбек пен ерлікті, махаббат пен достықты арқау еткен, өміршең туындыларды дүниеге әкелген қалам иесі. Ол - дарынды жазушы. Өзінің сүрелі ғұмырында артына өшпестей із қалдырған жазушы мәңгілік ел жадында сақталады.
Кітапханашы: Рапишева Р.



