Хамза Есенжановтың 115 жыл толуына орай әдеби шолу » №7 «Тұран» мектеп-гимназия »КММ
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының
Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің
"№7 «Тұран» мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Хамза Есенжановтың 115 жыл толуына орай әдеби шолу
14
декабрь
2023

Хамза Есенжановтың 115 жыл толуына орай әдеби шолу






14.12.23 күні”N7”Тұран мектеп- гимназия” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кітапханасында 7” б” сынып оқушылары және пән мұғалімі Дүйсенбаева Айнұр апай мен жазушы Хамза Есенжановтың 115 жыл толуына орай әдеби шолу өткіздік. Өмірінің өзі аңыз болған Хамза Есенжанов- өмірі өсу мен өрлеуден, шарықтау мен қиындық көріп, азап шегуден, айдаудан тұрған тағдырлы жан. Ол- Халық жауы” ретінде жиырма бес жылға сотталып, романының кей бөлігін қайыңның қабығына жазған, кейін сол романы үшін мемлекеттік сыйлық алған жазушы. Жазушы шығармалары қазақ әдебиетінің сом дүниелерінің қатарынан саналады. Х. Есенжанов шығармалары шындыққа, нақты деректерге сүйене отырып, сол кездегі жағдайлар айтылады. Ұлттық сөз өнерінің дамуына қомақты үлес қосқан жазушы- Хамза Есенжановтың есімі бүгінде баршаға аян. Тұтас бір тарихи кезеңнің әдеби шежіресін жасап, “ Ақ жайық” трилогиясын халқымызға тарту еткен болатын. Қайсар қаламгердің өмірі мен шығармашылығын жас ұрпаққа насихаттаумен қатар, жазушы шығармалары арқылы олардың бойына ұлттық рухани құндылықтарды сіңіре отырып, қазіргі заманға сай талапты, жүрегінде отаншылдық рухы жанған, тәуелсіз ел ұрпағын тәрбиелеуде маңызды шаралардың бірі.
Кітапханашы: Р.Рапишева.