Мұзафар Әлімбаевтың туғанына -100 жыл толуына орай әдеби шолу өткізілді » №7 «Тұран» мектеп-гимназия »КММ
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының
Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің
"№7 «Тұран» мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мұзафар Әлімбаевтың туғанына -100 жыл толуына орай әдеби шолу өткізілді
27
октябрь
2023

Мұзафар Әлімбаевтың туғанына -100 жыл толуына орай әдеби шолу өткізілді




Бүгін 27.10.23 күні “N7 " Тұран" мектеп- гимназия” коммуналдық мемлекеттік
мекемесі кітапханасында 3” ә” сынып оқушылары сынып жетекшісі Құдайбергенова Нұржамал апай мен бірге, балалар жазушысы, ақын Мұзафар Әлімбаевтың туғанына -100 жыл толуына орай әдеби шолу өткіздік. Ақын атамыз қазақтың бір туар ұл- қыздары туралы естеліктер жазып, көптеген өлеңдер шығарған.
Аударып кітап- дала көне бетін, 
Жаяды жаңа бетін- кереметін.
Абайдың жырларындай оқи берсең,
Рақатқа жаның батып кенелетін.... деп ол қазақ әдебиетінде өшпейтін із қалдырған ақын- жазушылардың маңдайалдысы, балалар әдебиетінің қара нары. Мұзафар Айтмағамбетұлы балалар әдебиетінің дамуына тың серпін беріп, зор үлес қосқан талантты ақын, шебер жазушы еді. Мұзағаның қаламынан туған жырлар әндерге арқау болып, жүз сексенге жуық өлеңі әнге айналады. Мұзафар Әлімбаев халық ауыз әдебиетінің бай мұрасы- мақал- мәтелдерді жинаумен қатар, өзге халықтардың мақал- мәтелдерін қазақ тіліне аударумен айналысқан. Халқымыздың отты ақыны Қасым Аманжоловтың” Мұзафар- қазақ мақалының маршалы” деп айтқаны да осыдан болар.
Кітапханашы: Р. Рапишева