22
июнь
2023
Бітіруші түлектерге Жалпы орта білім беру туралы аттестатты тапсыру салтанатты жиыны өткізілді
![]() | ![]() |
![]() | ![]() |
![]() | ![]() |
Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты "№7 "Тұран" мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 22.06.2023 жылы бітіруші түлектерге Жалпы орта білім беру туралы аттестатты тапсыру салтанатты жиыны өткізілді. Салтанатты жиында мектеп директоры Кожбанова Хадиша және Жетісай қаласы әкімі Бахтияров Нұрлыбек және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Х.Бектурганова шәкірттерге сәттілік тілеп, бітіруші түлектерге аттестаттарын табыстады.
Биылғы 2022-2023 оқу жылында 11- сыныпты 77 түлек бітіріп шықты. Оның тоғызы «Алтын белгі» иегерлері,5 оқушы
«Қызыл аттестат» иегерлері атанды. Бүгінгі жас түлектеріміздің әрқайсысы осы алтын ұя мектептерінде 11 жыл оқып, сапалы білім мен саналы тәрбие алып, «Өмір» атты үлкен теңізге аяқ басуда. Әрине, бұл өмірдің талай кедір-бұдырлары болатыны сөзсіз. Бұл ретте мектеп қабырғасында алған білімдеріңіз осы жолда сенімді серік болады деп сенемін. Баршаңыз Ұлттық бірыңғай тестілеуде жақсы нәтиже көрсетіп, өздеріңіз таңдаған мамандықтарыңыз арқылы білім алып, осы дүниенің бір кірпіші болып орындарыңызды табуларыңызға тілектес екенін жеткізді. Барша бітіруші түлектерімізге сәттілік тілейміз! Шара соңында 11 сыныптың сынып жетекшілері Аденова Зауреш, Туренова Гулназ, Аскарова Зубайра, Егемкулова Венераға директорымыздың атынан Алғыс Хатпен марапатталды.





