Тарих және география пәні мұғалімдерімен тамыз педагогикалық секциялық отырысы » №7 «Тұран» мектеп-гимназия »КММ
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының
Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің
"№7 «Тұран» мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тарих және география пәні мұғалімдерімен тамыз педагогикалық секциялық отырысы
22
август
2022

Тарих және география пәні мұғалімдерімен тамыз педагогикалық секциялық отырысы












Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты жалпы білім беру ұйымдарының тарих және география пәні мұғалімдерімен тамыз педагогикалық секциялық отырысы №7 «Тұран» мектеп-гимназиясында өтті. Секциялық отырыс «Тарих және география пәндерін оқытудағы құндылыққа бағытталған білім беру» тақырыбында офлайн форматта, өзара диалог, пкірталас  түрінде өтті. Аталған жиында аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің тарих және география пәні әдіскері Есенбаева Улжан Бақытқызы және №7 «Тұран» мектеп гимназиясының директоры  Кожбанова Хадиша Нартайқызы ұстаздарды жаңа оқу жылымен құттықтады. Улжан Есенбаева мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен, «Қазақстан Республикасының орта білім ұйымдарында оқу –тәрбие процесін ұйымдастырудың 2022-2023 оқу жылындағы ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хатпен , биылғы оқу жылындағы ерекшеліктермен таныстырды. 
Жиында Б.Момышұлы атындағы №6 мектеп-гимназиясының география пәні мұғалімі Керимжанова Айман «Мектептегі жаратылыстану және география сабағы, басымдықтар және жетілдіру стратегиялары», Еспенбетова Айжан Д.Қонаев атындағы №9 ІТ МЛ география пәні мұғалімі «География пәнін оқытуда оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту».Қазыбек би  атындағы №67 ЖОМ тарих пәні мұғалімі Смайлова Сапаргүл «Тарих сабағында ұлттық болмысымызды сақтай отырып, сауаттылығын арттыру», Наханова Гүлмира №7 «Тұран» МГ тарих пәні мұғалімі «Болашақ тарихты жасаушылар бойында тарихи сананы қалыптастыру», №10 «Қайнар» МГ тарих пәні мұғалімі «Тарих пәнінде құндылыққа бағытталған білім берудің тиімді жолдары» тақырыптарында таныстырылым жасады.
Секциялық отырыста орта білім беру мазмұнында айқындалған

1) қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік;
2) құрмет; 3) ынтымақтастық; 4) еңбек пен шығармашылық; 5) ашықтық; 6) өмір бойы білім алу негізгі құндылықтарды дарыту негізінде білім алушылардың қабілеттерін дамыту, білім беруде тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыру, тұлғаны қоғам өміріне бейімдеу, кәсіпті, мамандықты саналы түрде таңдауға және меңгеруге негіз жасау, оның ішінде білім алушылардың ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктерін ескеру мәселері туралы айтылды.
Жиын соңында қатысушылар тарапынан берілген сұрақтарға жауап берілді.Қатысушылар жиында айтылған мәселелер бойынша пікірлерін білдіріп, ұсыныстар берді.