10
февраль
2022
“Егемен елімізбен бірге өрлеу кезеңін бастап жаңа заманауи оқыту әдісі және инновациялық жаңалықтармен жаңғырған білім ордасы” атты коференция
![]() | ![]() |
Жетісай ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты, «№7 «Тұран» мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 10.02.2022 жылы “Егемен елімізбен бірге өрлеу кезеңін бастап жаңа заманауи оқыту әдісі және инновациялық жаңалықтармен жаңғырған білім ордасы” атты коференция өтті. Конференцияға Жетісай ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскері Алтынай Казманбетова, “Сырдария” Университетінің Ғылыми істер және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор, философия докторы(PhD), қауымдастырылған профессор Абдуразова Перизат Әділбекқызы және аға оқытушы, педагогика ғылымдарының магистрі, ХХІ ғасыр педагогы журналының редакторы Файзиев Нұржан Сапарханұлы және қаламыздағы мектептердің басшыларымен орынбасарлары қатысты. Конференцияны ашуға мектеп директоры, аудандық мәслихаттың депутаты Кожбанова Хадиша Нартайқызы құттықтау сөз сөйлеп өзінің жылы лебізін білдірді. Конференцияның 1 бөлімінде метеп ән ұраны мен эмблемасы таныстырылып жеңімпаздарына жүлделері табысталды. Ән ұранның авторы Жандарбек Жұманов, эмблема авторы Умирали Әсет. 2 бөлімінде пленарлық отырыста баяндамашылар баяндамаларын жасады. Конференция жоғары деңгейде өтті.
Ұйымдастырушы: мектеп ұжымы. Жұмыстарыңызға шығармашылық табыс тілейміз.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1398171390604903&id=100012361658637

