14
декабрь
2021
Мектептің ашылу салтанаты
![]() | ![]() |
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің-30 жылдығы қарсаңында Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Жетісай қаласында орналасқан Тұран мектеп-гимназиясына 1200 орынды жаңа мектеп табысталды. Нысанның салтанатты ашылуына келген Жетісай ауданының әкімі Мұрат Болатұлы мен Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары Темір Қырықбаев, аудандық мәслихат хатшысы Әлихан Утанов пен мәслихат депутаттары Рүстем Наматуллаев, Гүлмира Саржанова, Эльмира Темірбаева мен «Nur Otan» партиясы Жетісай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық мәслихат депутаты Әділхан Асауов ұстаздар мен оқушыларды қуаныштарымен құттықтады. Жаңа мектептің ашылу Салтанатты жиында аудан әкімі Қадірбек Мұрат Болатұлы сөз сөйлеп, мектеп ұжымын және оқушыларды Тәуелсіздіктің-30 жылдығымен және жаңа мектептің ашылуы мен құттықтады.— Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатына сай, елімізде білім беру саласын дамытып-өркендетуге ерекше көңіл бөлініп отыр. Әсіресе, үш ауысыммен оқытатын және апатты жағдайдағы мектептер мәселесін шешу бағытында үлкен істер қолға алынып жатқанынан барша жұрт хабардар. Басты мақсат — әр баланың сапалы, лайықты білім алуы үшін барынша жағдай жасау. Бүгінгі күні жаңа бой көтерген мектеп те — осы мақсатта тұрғызылған нысандардың бірі, — деп атап өтті ол.
Жиында Тұрар ақсақал сөз сөйлеп, жерлестеріне игі тілектерін жеткізді. Аудан әкімі Мұрат Болатұлы мектеп директоры Хадиша Нартайқызына символикалық кілт табыстады. Ашылу салтанатынан кейін аудан әкімі бастаған топ мектеп ғимаратын аралап көрді және ұстаздармен, оқушылармен, сондай-ақ ата-аналармен кездесті.
Мектеп кабинеттерінің барлығы дерлік заманауи құрал-жабдықтармен, жиһаздармен жабдықталған. Мультимедиялық, лингафондық, компьютерлік сыныптар, химия-биология, физика пәндері зертханалары үшін жаңа құрылғылар алынған. Мектептің көне ғимаратында акт, спорт залдары, асхана және еңбекке баулу сабағы үшін шеберханалар болмаған еді. Ал жаңа ғимарттағы ұл балаларға арналған шеберханаларда ағашпен, темірмен жұмыс жасауға қажетті станоктар, т.б. құрал-жабдықтар тұрса; қыздарға арналған шеберханаларға жаңа тігін машиналары қойылған. Мектеп ұжымын және білім алушыларды жаңа мектепке кіруімен құттықтаймыз.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1361419447613431&id=100012361658637

