"Табысты менеджер - 2023" тақырыбында облыстық байқаудың аудандық кезеңі өткізілді. » №7 «Тұран» мектеп-гимназия »КММ
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының
Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің
"№7 «Тұран» мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Табысты менеджер - 2023" тақырыбында облыстық байқаудың аудандық кезеңі өткізілді.
20
апрель
2023

"Табысты менеджер - 2023" тақырыбында облыстық байқаудың аудандық кезеңі өткізілді.








Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес 2023 жылдың 20 сәуір күні "Табысты менеджер - 2023" тақырыбында облыстық байқаудың аудандық кезеңі  өткізілді.
Байқаудың басты мақсаты шығармашылықпен жұмыс жасайтын басшыларды анықтау, қолдау және білім беру ұйымын басқару бойынша озық тәжірибе идеяларын тарату болып табылады.
Байқау екі турады өткізіліп, бірінші турда "Мен табысты басшымын" тақырыбында мектеп директорының бейнебаяны ұсынылды.
Бүгінгі өткізілген екінші турда әрбір қатысушы TedX форматында жобасын қорғап, басқару жағдаяттары бойынша бағалаудан өткізілді. Сонымен қатар, өз тәжірибелері бойынша эссе жазды.
Байқау қорытындысы бойынша жүлделі бірінші орынды "Тұран" мектеп-гимназиясының директоры Хадиша Нартайқызы иеленіп, байқаудың облыстық кезеңіне жолдама алды.
Сондай-ақ, Д.Қонаев атындағы ІТ мектеп лицейінің директоры Толқын Тілекқызы және А.Жами атындағы жалпы орта мектебінің директоры Тұңғат Серікұлы жүлделі екінші орынмен марапатталса, Т.Рысқұлов атындағы жалпы орта мектебінің директоры Сағит Сәрсенбекұлы және "Жібек жолы" жалпы орта мектебінің директоры Сырлыбай Қайбылұлы жүлделі үшінші орындарды иеленді.
Байқаудың облыстық кезеңіне жолдама алған директорымызға сәттілік тілеймін.