26
август
2022
Б.І.Ж.О Т.Аралбаевтың ұйымдастыруымен «Бастауыш сыныптардағы құндылыққа бағытталған жаңаша білім беру әдіс-тәсілдері» тақырыбында офлайн форматта өтті
![]() | ![]() |
![]() | ![]() |
Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты жалпы білім беру ұйымдарының бастауыш сынып пәні мұғалімдерімен мектепішілік тамыз педагогикалық секциялық отырысы «№7 «Тұран» мектеп-гимназиясы» директорының бейіндік ісі жөніндегі орынбасары Табигат Аралбаевтың ұйымдастыруымен өтті.Секциялық отырыс «Бастауыш сыныптардағы құндылыққа бағытталған жаңаша білім беру әдіс-тәсілдері» тақырыбында офлайн форматта,өзара диалог ,пікірталас, ойын түрінде өтті. Мектеп директорының бастауыш сыныптар бойынша орынбасары Ғалия Бектурганова ұстаздарды жаңа оқу жылымен құттықтады .Бастауыш сыныптар бойынша әдістемелік бірлестік жетекшісі Гульзира Махмуткожаева мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Оқу –ағарту министірінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен , «Қазақстан Республикасының орта білім ұйымдарында оқу –тәрбие процесін ұйымдастыру 2022-2023 оқу жылындағы ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хатпен,биылғы оқу жылындағы ерекшеліктермен таныстырды.
Бастауыш сынып пәні мұғалімі Претова Гүлжамал Абдикаликовна «Ұлттық құндылықтарды кіріктіре отырып,сабақтардың сапасын арттыру» тақырыбында баяндама жасады.Сабақта қолданылатын әдіс тәсілдер арқылы мұғалімдермен бірнеше тренигтер өткізді.
Құдайбергенова Нұржамал «Жаңартылған білім мазмұны бойынша бастауыш сыныпта қолданылатын әдіс тәсілдер» тақырыбында таныстырылым жасады.
Тойшыбекова Злыха Үздік авторлық бағдарлама 2022 байқауына ұсынып отырған жоба. Тақырыбы : Логикалық математика .Жобаның барысы туралы таныстырып өтті.
Секциялық отырыста орта білім беру мазмұнында айқындалған:
- Қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік;
- Құрмет
- Ынтымақтастық
- Еңбек пен шығармашылық
- Ашықтық
- Өмір бойы білім алу негізгі құндылықтарды дарыту негізінде білім алушылардың қабілеттерін дамыту,білім беруде тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыру.Білім алушылардың ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктерін ескеру мәселелері туралы айтылды.
Жиын соңында қатысушылар тарапынан берілген сұрақтарға жауап берілді.Қатысушылар жиында айтылған мәселелер бойынша пікірлерін білдіріп,ұсыныстар берді.



