Б.І.Ж.О Т.Аралбаевтың ұйымдастыруымен «Көркем еңбек пәнінде қолданылатын жаңа әдіс тәсілдер» тақырыбында офлайн форматта өтті » №7 «Тұран» мектеп-гимназия »КММ
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының
Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің
"№7 «Тұран» мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Б.І.Ж.О Т.Аралбаевтың ұйымдастыруымен «Көркем еңбек пәнінде қолданылатын жаңа әдіс тәсілдер» тақырыбында офлайн форматта өтті
25
август
2022

Б.І.Ж.О Т.Аралбаевтың ұйымдастыруымен «Көркем еңбек пәнінде қолданылатын жаңа әдіс тәсілдер» тақырыбында офлайн форматта өтті








Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты жалпы білім беру ұйымдарының көркем еңбек пәні мұғалімдерімен тамыз педагогикалық секциялық отырысы №7 «Тұран» мектеп-гимназиясында өтті. Секциялық отырыс «Көркем еңбек пәнінде қолданылатын жаңа әдіс тәсілдер» тақырыбында офлайн форматта, өзара диалог, пікірталас  түрінде өтті. Аталған жиынға №7 «Тұран» мектеп гимназиясының директоры  Кожбанова Хадиша Нартайқызы ұстаздарды жаңа оқу жылымен құттықтады. Хадиша Нартайқызы мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен, «Қазақстан Республикасының орта білім ұйымдарында оқу –тәрбие процесін ұйымдастырудың 2022-2023 оқу жылындағы ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хатпен , биылғы оқу жылындағы ерекшеліктермен таныстырды. 
Жиында  мектебіміздің көркем еңбек  пәні мұғалімдері Оралбекова Камшат «Қыш ыдыс жасау өнері», Байтелиева Қарлығаш "Көркем еңбек пәніндегі өзгерістер" Орынбасарова Ақмарал "Көркем еңбек пәніндегі жаңа әдіс тәсілдер" тақырыптарында таныстырылым жасады.
Секциялық отырыста орта білім беру мазмұнында айқындалған 1) қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік; 2) құрмет; 3) ынтымақтастық; 4) еңбек пен шығармашылық; 5) ашықтық; 6) өмір бойы білім алу негізгі құндылықтарды дарыту негізінде білім алушылардың қабілеттерін дамыту, білім беруде тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыру, тұлғаны қоғам өміріне бейімдеу, кәсіпті, мамандықты саналы түрде таңдауға және меңгеруге негіз жасау, оның ішінде білім алушылардың ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктерін ескеру мәселері туралы айтылды.
Жиын соңында қатысушылар тарапынан берілген сұрақтарға жауап берілді.Қатысушылар жиында айтылған мәселелер бойынша пікірлерін білдіріп, ұсыныстар берді.


Похожие публикации: