21
июнь
2023
9 сынып бітіруші түлектерімізге аттестат табыстау салтанаты өтті
![]() | ![]() |
![]() | ![]() |
Түркістан облысы Жетісай ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты "№7 "Тұран" мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 21.06.2023 күні 9 сынып бітіруші түлектерімізге аттестат табыстау салтанаты өтті. Салтанатты шарада мектеп директоры Х.Кожбанова ел үмітін ақтайтын түлектерге «Адамзат баласы өмір бойы білім жинайды. Өйткені білім – жалықтырмайтын жол, таусылмайтын қазына. Бүгін Сіздер ізденудің алғашқы баспалдағын аяқтап, келесі биік сатыларына аяқ басқалы тұрсыздар. Ендеше, қай кезде де терең білім алу жолында жалықпай, талмай ізденіп, ел тізгінін ұстайтын азамат болуларыңа тілектеспіз!», - деп ақжарма лебізін жолдап, сәттілік тіледі.
Білім іздеген жас талапкердің бар ынтасын өзіне аудара білген мектебімізде биыл 9 сыныпты 92 оқушы аяқтады. 9 сыныпты 6 оқушымыз "Қызыл аттестат" белгісімен аяқтады.
Шара аясында болашақ ұстаздарға рахметін айтып, балаларына сәт сапар тілеп, ақ батасын арқалап келген ата-аналар жүрекжарды тілектерін жеткізді.
Түлектерді ұлықтау және оларға аттестат тапсыру салтанаты музыкалық қойылымдармен жалғасты. Концерттік бағдарламаның төрінде бітіруші түлектер ұстаздарына деген шексіз алғыстарын әуелеген әнмен, өлең жолдарымен жеткізді.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Зияханов және сынып жетекшілері Калдарбеков Ерболат, Алдамұратова Ұлбосын,Бурисбаев Сапар, Егемкулова Дидар директордың алғыс хаттарымен марапатталды.



