14
март
2025
“Цифрлық әлемдегі заманауи білім беру” тақырыбында
“Цифрлық әлемдегі заманауи білім беру” тақырыбындағы тілдер онкүндігінде 13.03.күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Алдамуратова Улбосын Мамырасиловна 5”Ә” сыныбымен қазақ әдебиеті пәні бойынша дарынды қаламгер Марат Қабанбаевтың “Бауыр”әңгімесі тақырыбында ашық сабақ өтті. Оқушылар сабақты “Мейірімділік жүректен басталады” психологиялық тренингпен бастады. Әрі қарай “Мақал-мәтел мәнін аш”әдісімен төрт топқа бөлініп отырды. Әр топ басшы өз топ атауларының мағынасын ашып жаңа сабақпен байланыстырды. Мұғалім үй тапсырмасын “FILA әдісін басшылыққа алып төрт топқа жеке жеке тапсырма орындату арқылы бағалады. Жаңа сабақты экраннан “Бауыр” әңгімесінің қысқаша мазмұнын тыңдап бейнежазба көріп бастады. Төрт топ әңгімені төртке бөліп алып оқып шықты. Әр топ өз бөлімдерінің мазмұнын айтып шығып, әңгіменің мазмұнымен толық танысып талдау жасады. Оқушылар “Бауыр”әңгімесінің тақырыбын, жанрын, идеясын тауып талдау жасады. Мұғалім сабақ соңында “3-2-1” әдісі арқылы оқушылардан кері байланыс алды. Оқушылар сабақта белсенділік танытты.