12
март
2025
"Цифрлық әлемдегі заманауи білім беру" тақырыбынд
![]() | ![]() |
"№7 " Тұран" мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 12.03.3025ж күні "Цифрлық әлемдегі заманауи білім беру" тақырыбындағы онкүндікте қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері З.Асқарова, М. Турсынбаева, А. Жусипназаровалардың ұйымдамтыруымен "Цифрлық білім беру-заманауи оқытудың кілті" деген тақырыпта дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелдің мақсаты: қазіргі заманауи сабақты цифрлық технологияға негіздеп оқытудың тиімді тәсілдері мен интернет-платформалар, сандық дидактикалық ойындар, білім беру ресурстарына арналған сайттарды пайдалану тәжірибелерімен бөлісу.
Дөңгелек үстел барысында "Цифрлық білім беру- заманауи оқытудың кілті" тақырыбында А. Жусипназарова баяндама оқыды. Баяндама барысында сұрақ-жауаптар мен пікір таластар болды.
Өз пікірін білдіруші қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі З. Аденова цифрлық технологияға негіздеп оқытудың тиімді тәсілдерімен жұмыс жасау жолдары туралы айтты. Пікір білдірген ұстаздардың қатарында Т. Алдаберненова мен тарих пәні мұғалімі Г. Нахановалар сөз сөйлеп, өз пікірлерін білдірді. Сонымен бірге, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А. Дүйсенбаева сабақта QR код арқылы ақын-жазушылардың шығармаларын қалай сөйлетуге болатыны тура көрсетіп, түсіндіріп өтті.
Қоғамда бәсекеге қабілетті болу үшін цифрлық технологияларды тиімді пайдалана отырып, болашақта цифрлық білім беруді дамыту өз қолымызда.

