11
март
2025
Цифрлық әлемдегі заманауи білім беру
![]() | ![]() |
11.03.2025 ж. күні «Цифрлық әлемдегі заманауи білім беру» тақырыбындағы тілдер онкүндігінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жиренбаева Жұлдыз Омирзаққызы 5 «А» сыныбымен «Әке – балаға сыншы» тақырыбында қазақ тілі пәнінен ашық сабақ өтті. Сабақты бастамас бұрын ұйымдастыру кезеңінде жағымды орта қалыптастыру үшін оқушылар «Көңілді смайликтер» әдісі бойынша эмоцияны бейнеледі. Үй тапсырмасын «Рандом әдісімен топтық жұмыс жасау арқылы қайталады. Оқушыларға «Паспорт» әдісі бойынша рефлексия парақшасы беріліп, өздерін әр тапсырма бойынша бағалап отыру керектігі айтылды.
Әке мен балаға қатысты мақал-мәтелдердегі түсіп қалған сөздерді табу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын болжады. Сабақ барысында жасанды интеллект көмегімен Асанәлі Әшімов пен Сағи Әшімовті сөйлету арқылы олардың қандай рөлде, кімнің бейнесін сомдағаны туралы ақпарат алды. Оқушылар оқылым тапсырмасында «Сәйкестендіру» әдісі бойынша негізгі және қосымша ақпараттарды ажыратты. Мұғалім ӘТН бойынша қосымша түсінік беріп, оқушылар талдау жұмыстарын жүргізді.
Сабақты бекітуде «Әке – балаға сыншы» тақырыбында нақыл сөздерді қатыстырып шағын мәтін жазып, өз ойларын жүйелі жеткізді. Әр тапсырмадан соң оқушылар дескриптор арқылы бір-біріне кері байланыс беріп отырды. Сабақ соңында оқушылар өздерінің сабаққа қатысымына рефлексия жасады. Мұғалім сабақты қорытындылап, үйге тапсырма берілді.
Сабақ барысында оқушылар белсенділік танытып, өз ойларын еркін жеткізіп, тапсырмаларды қызығушылықпен орындады.
Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы мен ынтасы қуантты. Мұндай сабақтар олардың шығармашылық қабілетін арттырып, өз ойларын еркін жеткізуге мүмкіндік береді. Алдағы уақытта да осындай мазмұнды, қызықты сабақтар жалғасатынына ниеттіміз!

