"Цифрлық әлемдегі заманауи білім беру" тақырыбында » №7 «Тұран» мектеп-гимназия »КММ
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының
Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің
"№7 «Тұран» мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Цифрлық әлемдегі заманауи білім беру" тақырыбында
14
март
2025

"Цифрлық әлемдегі заманауи білім беру" тақырыбында






"Цифрлық әлемдегі заманауи білім беру" тақырыбындағы тілдер онкүндігінде Т.Молдағалиевтің 90 жылдық мерейтойына  орай 13.03.2025 ж.күні  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Балтабай Роза Құдайбергенқызы  8-10 сыныптар аралығында ақын өлеңдерін мәнерлеп, жатқа айтудан сайыс өткізді.Сайысты бастамас бұрын ақынның өмірі мен шығармашылығынан көптеген мәліметтер беріп өтті.Сайыс барысында ақынның лирикаға толы өлеңдерін оқушылар нақышына келтіре оқыды.Сайыс қорытындысы бойынша "жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар' демекші, сайысқа қазылық жасаған ұстаздардың шешімі бойынша 1- орынды 10"В" сынып оқушысы Оразходжа Гүлназ,2- орынды 8"В" сынып оқушысы Сәрсенбай Айсәуле, 3- орынды 8"А" сынып оқушысы Алтынбек Зейнеп пен 8 "В" сынып оқушысы Хасан Айландар иеленді.Олар арнайы дипломдармен марапатталады.Қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар ақынымызға арналған осындай сайыстар жалғасын таба берсін! Оқушыларымыздың талабына нұр жаусын!