14
июнь
2024
9,11-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ ТУРАЛЫ АТТЕСТАТ ТАПСЫРУ САЛТАНАТТЫ ЖИЫНЫ ӨТКІЗІЛДІ
![]() | ![]() |
Түркістан облысы Жетісай ауданына қарасты №7"Тұран" мектеп -гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 14 маусым күні 2023-2024 оқу жылындағы мектеп бітіруші түлектерге арналған Жалпы орта білім туралы аттестат тапсыру салтанатты жиыны өткізілді. Мектеп қабырғасында бақытты балалық шақтарын өткізіп, ұлағатты ұстаздар қауымының тәлім-тәрбиесін бойларына сіңіріп, білім нәрімен сусындап өскен ұл-қыздарымыз ер жетіп, жаңа өмір әлеміне нық сеніммен қадам басты.
Биылғы оқу жылында мектебімізден 82 түлек асқақ армандарымен үлкен өмірге қанат қақты. Олардың 4 «Алтын белгі», 7 түлегіміз «Үздік аттестат» иегері. Мектеп түлектері білімге деген құштарлықтарымен, зияткерліктерімен ерекшеленді.
9сынып оқушыларынан 87оқушы бітіріп 13оқушы Үздік аттестат иегері атанды.
Түлектердің қуанышына ортақтасуға мектеп әкімшілігі, пән мұғалімдері, ата-аналары мен туыстары жиналды. Мерекелік іс-шара соңында сынып жетекшілер мен мектеп бітіруші түлектер мектепке және мұғалімдерге өздерінің өлең шуақтарыменен өз алғыстарын жеткізді.

