2023-2024 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ » №7 «Тұран» мектеп-гимназия »КММ
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының
Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің
"№7 «Тұран» мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2023-2024 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
26
август
2023

2023-2024 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

https://www.facebook.com/100012361658637/videos/868052841409524/

 Оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда – 33 оқу аптасын, 2-11 (12)-
сыныптарда – 34 оқу аптасын құрайды.
 1-2-сыныптарда «Еңбекке баулу» және «Бейнелеу өнері» пәндері,
3-4-сыныптарда – «Көркем еңбек» кіріктірілген пәні оқытылады.
 Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін мектептердің 1-сыныбында «Әліппе», 
«Ана тілі» пәндері оқытылады, 2-сыныбында «Орыс тілі» пәнін оқыту 
басталады.
 Жоғары сыныптарда ағылшын тілінен оқу жүктемесі 1 сағатқа артады.
 Негізгі орта (5-8-сыныптар), жалпы орта (10-сынып) білім беру 
деңгейлерінде академиялық жылды аяқтаған соң қазақ тілінен емтихан 
тапсыру енгізіледі.
 Экологиялық білім беру сапасын арттыру: экологиялық проблемаларды 
шешуде білім алушылардың практикалық дағдыларын дамытуға арналған
зертханалық, зерттеу, жобалық жұмыстарды ұйымдастыру.
 Үлгерімі төмен білім алушылармен жұмысты күшейту.
 Білім беру ұйымдарында тұтас тәрбие бағдарламасын енгізу.
 Домбыра тарту бойынша факультативтік курстар өткізу, мектептердегі 
шахмат секцияларының желісін кеңейту.
 Мерейтойлар мен атаулы күндерге арналған сыныптан тыс іс-шараларды 
ұйымдастыру.
 Мектептердің ата-аналар қауымдастығымен өзара іс-қимылын нығайту, 
«Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығын құру.
 Педагогтерге арналған «Цифрлық кітапхана» жобасын жүзеге асыру.
 «Үздіктен үйрен» жобасын іске асыру: «Үздік педагог» байқауы 
жеңімпаздарының озық педагогикалық тәжірибесін дәріптеу
 «Білім беруді өзгертудегі 1000 көшбасшы» республикалық кадрлық 
резервтің деректер қорын жасау.
​​​