"ХАКІМ АБАЙ ІЗІМЕН" ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ОНКҮНДІКТІҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ. » №7 «Тұран» мектеп-гимназия »КММ
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының
Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің
"№7 «Тұран» мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "ХАКІМ АБАЙ ІЗІМЕН" ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ОНКҮНДІКТІҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ.
12
январь
2024

"ХАКІМ АБАЙ ІЗІМЕН" ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ОНКҮНДІКТІҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ.




Абай — қазақтың бас ақыны, әлемдік тұлға, кемеңгер ойшыл. Ұлы ақынның өмiрi, артында қалған мұрасы — ақындықтың, ойшылдықтың, данышпандықтың мектебi ғана емес, ұлтын сүюдiң, халқына жанашыр болудың өмiрлiк өнегесi. «№7 «Тұран» мектеп-гимназия»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» жүзеге асыру, ұлттық құндылықтарымызды және тағылымы мол тұлғаларымызды дәріптеу мақсатында «Хакім Абай ізімен...» тақырыбындағы онкүндіктің ашылу салтанатты жиыны өтілді. Салтанатты жиында мектеп басшымыз Хадиша Нартайқызы қазақтың бас ақыны Абайдың мұрасын мектеп оқушыларына насихаттай отырып, онкүндіктің ашылуымен құттықтады. Онкүндік барысында ұйымдастырылатын іс-шараларда белсенділік танытып,  ұлы Абайдың рухани байлығын бойына сіңіруге шақырды. Сонымен қоса, жиында оқушылар Абайдың өлеңдерін жатқа оқыды, би билеп, жас әншілеріміз ән шырқады. Жиын соңында «Біз Абайды білеміз бе?» деген тақырыпта жүргізілген сұрақ-жауапқа мектеп оқушылары белсене қатысып, сыйлықтар иеленді. Онкүндігіміз ашық сабақ, сайыс сабақ және түрлі байқаулармен жалғаспақ...