Батыр бала - Нұрхан. » №7 «Тұран» мектеп-гимназия »КММ
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының
Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің
"№7 «Тұран» мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
февраль
2023

Батыр бала - Нұрхан.









Күрес-қазақ халқында желден келе жатқан спорт түрлерінің бірі. Күресте үлкен-кішілігіне қарамастан мықтысы жеңіске жетіп отырады. Қазақ жерінде күрестен көптеген мықты палуандар шыққан. Осындай ұрпақтың жолын жалғаушы жастарымыз көп. Мемлекетіміз осы жастарды қолдау мақсатында көптеген спорт алаңдарын ашып жатыр. Осының нәтижесінде көптеген мектеп оқушылары күрес үйірмелеріне барып, үздік нәтижелер көрсетіп жүр. Осындай оқушылардың бірі 4"А" сынып оқушысы Найманбай Нұрханда көптеген жетістіктерге жетіп жүр.2009-2010, 2011-2012 ж.т. жасөспірімдер арасында еркін күрестен өткен жарыста 33 келі салмақта I орынды жеңіп алған.Жетісай аудандық N2 БЖСМ-ның ашық біріншілігінде 35 келі салмақта lll орын, "2022 жыл Балалар жылына" және "Біз жастар нашақорлыққа қарсымыз" атты ұранмен 2007-2009, 2010-2012 ж.т. жасөспірімдер арасында еркін күресінен өткен жарыста 37 келі салмақ дәрежесінде ll  орынды жеңіп алды.Нұрхан алдағы уақытта талай жетістіктерге жететініне сенеміз. Болашақ олимпиада чемпионы.