25
январь
2023
"Қыздар кеңесі"
![]() | ![]() |
![]() | ![]() |
Бүгін мектебімізде "Қыздар кеңесі" онкүндігінің ашылуына байланысты жоғары сынып қыз балаларымен қашықтықтан "Қыз тәрбиесі—ұлт болашағы" тақырыбында кеңес өткізілді. Жиналыста бірінші сөз директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е.Қалдарбековке берілді.Е.Қалдарбеков өз сөзінде—халқымыз «қыз – қонақ» деп, төрінен орын беріп, қыздарды алтынның сынығына балап өсірген. Жалпы бала тәрбиесіне, соның ішінде қыз бала тәрбиесіне өте көп көңіл бөлген. Ата - бабаларымыз «Қызға қырық үйден тыю, қала берсе қара күңнен тыю» деген мақалға қанша ой сыйғызған. Яғни қыз бала тәрбиесіне тек ата - анасы жауапты емес, бүкіл ауыл, ел жауапты болып отырғандығы жайлы айтып өтті. Мектеп психологы Б.Сабденова және медбике Н.Баймұратова апайлар қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс - қимыл, жүріс - тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан - жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани - адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамыту қажеттігі және де жеке бас гигиенасын сақтауға, әдепсіздік пен азғындық жолға түспеуге шақырды. Мектеп қыз балаларының тәрбиесі жайлы, ибасы жайлы айтып, бүгінгі қыз ертеңгі инабатты ана, салиқалы әже болатыны жайлы айтып өтті.



