05
декабрь
2022
“ Оқуға құштар мектеп” жобасы
![]() | ![]() |
![]() | ![]() |
Мемлекет белгілеген атаулы күндердің, мерейтойлық мерекелердің қоғамға тигізер оң әсері, игі ықпалы біз ойлағаннан да тереңде деп айтуға болады. Биылғы жылы Алаш ардақтысы, бала жасымыздан “ Бес арыс” аталып кеткен арыстарымыздың бірегейі Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдық мерейтойы республика көлемінде аталып өтуде.
“ Оқуға құштар мектеп” жобасының аясында кітапханада 7” ә” сынып оқушылары, қазақ тілі әдебиет пән мұғалімі Балтабай Роза апай мен бірге “ Ахмет- Ұлт ұстазы” атты тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Жыл сайын дәстүрге айналған” Бір ел, бір кітап” акциясы бойынша да Байтұрсынов мұралары ел болып оқуға міндетті кітаптардың бірі болып белгіленді. Ахмет шығармаларының өн бойында, қай жанрдағы еңбегі болмасын басты тақырып- оқуға шақыру, білім алуға бағыттау болып табылады. Ұлы мұрасын ұлықтаған ұлт ұстазының телегей- теңіз дүниесімен тереңдей танысу, түсініп оқып, күнделікті өмірімізде жүзеге асыру ғана.
Кітапханашы: Рапишева. Р



