09
апрель
2025
Бейімбет Майлиннің 130 жылдығына танымдық сағат өтті.
![]() | ![]() |
Бүгін 9.04.25 ж . күні /7” Тұран мектеп- гимназия” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кітапханасында 9 ә сынып оқушылары , пән мұғалімі Балтабай Роза апай мен бірлесе отырып, Қазақ ақыны , жазушысы, драматург Бейімбет Майлиннің 130 жылдығына танымдық сағат өтті. Жазушы, ақын, қазақ әдебиетінің қалыптасуына зор үлесін қосқан Б. Майлиннің туғанына биыл 130 жыл толды. Оның шығармашылық жолы жарқын оқиғалар, терең әлеуметтік идеялар әлі күнге дейін оқырмандар мен зерттеушілерді шабыттандыратын мәңгілік шындыққа толы. Б. Майлин- тек жазушы ғана емес, әдебиеттегі шындық, әділдік, адамгершілік үшін күрестің символы. Оның еңбегін ұрпақтарымызға даналық, өнеге ретінде ұлықтап , насихаттайық.
Кітапханашы: Р. Рапишева.

