12
апрель
2024
“ Қазақстан ғарыш қақпасы” атты танымдық сағат
![]() | ![]() |
Бүгін 12.04.24. күні "N7” Тұран мектеп - гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кітапханасында 7 б сынып оқушылары, пән мұғалімі Әбдіғаппар Ұлдана апай мен 12- сәуір Дүние жүзілік авиация және ғарышкерлер күні не орай “ Қазақстан ғарыш қақпасы” атты танымдық сағат өткіздік.
Аспан әлемін зерттеу өте ерте кезден басталған. Бірақ әлі күнге дейін ғарыш құпиясы ашылған жоқ. Ғарышты адам игілігіне пайдалану үшін адамдар көп еңбектенді. Соның нәтижесінде 1957 жылы 4- қазанда тұңғыш рет ғарышқа жер серіктері ұшырылды. Содан бері ғарышқа көптеген жер серіктері ұшырылды. Әрбір жер серігінің өзінің атқаратын жұмысы бар. Сабақ өте қызықты өтті. Сұрақтар ойын түрінде лэд экран арқылы қойылып, балалар қызыға да, жарыса жауап берді. Мақсатымыз: Оқушылардың Отанына деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, ой- өрісін дамыта отырып, таным деңгейлерін кеңейту. Еңбекқорлыққа, адамгершілікке өз елінің батырларын құрметтеуге тәрбиелеу.
Кітапханашы: Р. Рапишева.

