19
январь
2024
” Табиғатты қорғау- адамзаттың борышы” тақырыбында танымдық сағат
![]() | ![]() |
Бүгін 19.01.24 ж. “/7” Тұран мектеп- гимназия” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кітапханасында 7 б сынып оқушылары, пән мұғалімі Оспанова Фатима апай мен бірге” Табиғатты қорғау- адамзаттың борышы” тақырыбында танымдық сағат өтті. Табиғат- тіршілік атаулының құтты қоныс- мекені, тіршіліктің түлеп өсіуіне қажет, жер бетіне көрік берген сәні. Халқымызда табиғат деген сөз жер, туған жер, атамекен ұғымдарымен қатар тұрады. Табиғатты қорғау қарапайым дүниеден басталады деп ойлаймын. Жас ұрпақты табиғатты қорғауға тәрбиелеу ұлттық негіздегі балабақшадан басталады. Табиғат пен қоршаған ортаны қорғаудың жолдарын ұғындыру, жалпы халықтың экологиялық сауатын ашу, жастарға үздіксіз білім беру нәтижесінде ғана шешіледі. Біз бәріміз де табиғатты қорғауда, сақтауда және оны дұрыс пайдалануда ұрпақ алдында, тарих алдында жауаптымыз. Қашан да табиғатты аялайық. Ол өктемдікті көтермейді.
Табиғатқа адал болайық.” Табиғатсыз адамзаттың күні жоқ” деп халық даналығында айтылғандай, табиғатты қорғау біздің міндетіміз, болашақ ұрпаққа қалдырар байлығымыз. Сондықтан табиғаттың жанашыры болу әр адамның міндетті борышы екенін біліп жүрейік.
Кітапханашы: Р. Рапишева.

