15
ноябрь
2023
” Төл теңгеге-30 жыл” танымдық сағат өтілді
![]() | ![]() |
Бүгін 15.11.23. күні “N7” Тұран мектеп- гимназия” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кітапханасында “ 6 а” сынып оқушылары, пән мұғалімі Әмзеева Бағила апай мен бірге; Бүгін- ұлттық валюта күніне” Төл теңгеге-30 жыл” танымдық сағат өттік. Төл теңгемізге 30 жыл толды. 1993 жылы 15 қарашада ұлттық валютамыз теңге айналымға енгізілген еді.
Содан бері бұл күн ресми Ұлттық валюта күні болып саналады. Бүгінгі таңда теңге- тәуелсіздіктің символы және мемлекеттің ақша жүйесінің негізі. Көркемдігі жағынан қазақ ақшасы халықаралық байқауларда 5 мәрте үздік атанып, 20- дан астам марапатқа ие болды. Ұлттық банктің мәліметінше, Қазақстан теңгесі- әлемдегі ең жақсы қорғалған валюталардың бірі. Оқушылар теңгенің орта ғасырлардан бастау алатын тарихы, тәуелсіз жолын таңдаған қазақ елінің өз ұлттық валютасын қабылдаудағы қиыншылықтарды, жеңістері мен жетістіктері және тұтастай Қазақстанның қазіргі бейнесін көрсететін теңгенің дизайны жайлы жан- жақты мәлімет алды.
Кітапханашы: Р. Рапишева.

