11
сентябрь
2023
"Сөзмерген" тіл танымдық интеллектуалды ойынын өткізді.
![]() |
![]() |
![]() |
"N7" Тұран" мектеп-гимназиясында қазақ тілі апталығы өтуде. 11.09.2023 күні қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Аденова Зауреш Амалбекқызы 11-сынып оқушыларымен "Сөзмерген" тіл танымдық интеллектуалды ойынын өткізді.
Сайыс мақсаты: Оқушылардың танымдық қабілетін дамыту, тұрақты сөз тіркестері, мақал-мәтел, көнерген сөздердің мағынасын ашу, сөздік қорларын молайту. Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру
Төрт топ қатысқан сайыс қызықты, тартысты өтті. Оқушылар пікірлерін кері байланыс әдістері арқылы білдірді.
Сайыс соңында жеңімпаз командалар мадақтама және естелік сыйлықтармен марапатталды.


