12
сентябрь
2023
"Мың бір мақал жүз бір жұмбақ" сайысы өткізілді
![]() | ![]() |
"№7" Тұран " мектеп-гимназиясында қазақ тілі мен әдебиеті апталығы өтіліп жатыр. 12 09 2023 күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Дуйсембаева Айнур Калиевна 8-сынып оқушыларымен "Мың бір мақал жүз бір жұмбақ" сайысы өткізілді.Сайыстың мақсаты : Ата–бабаларымыздың өсиетін қадыр тұтуға, мақал- мәтел, жұмбақ, өнер арқылы өз елінің тарихи шежіресін білуге, әдет – ғұрып, салт-дәстүрді сыйлауға баулу. Көлемі жағынан шағын болғанымен, мазмұны терең, құны артып, қымбат қазынаға айналып келеді. Мақал – мәтел, шешендік сөздердің тәрбиелік мәні зор, рухани байлық. Ал, жұмбақтар оқушыларымыздың ойлау қабілетін шындайды. 8"А" 8"Ә" 8"Б" 8"В" төрт топ қатысқан сайыс қызықты, тартыста өтілді. Сайыс соңында жеңімпаз командалар мадақталды.

