12
январь
2024
Д. А. Қонаевтың туылған күніне орай танымдық сағат
![]() | ![]() |
Бүгін 12.01.2024ж “N7” Тұран мектеп- гимназия” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кітапханасында 8 а,8 ә сынып оқушылары мен пән мұғалімі Балтабай Роза апай мен бірге , Қоғам қайраткері Д. А. Қонаевтың туылған күніне орай танымдық сағат өткіздік.
Әр дәуірге лайықты кемеңгер адамдар өмір суреді. Ал қазақ халқының тарихында болмысы бөлек, мінезінің байлығымен, терең білім, ақыл- парасатымен дараланған ұлы адам өмір сүрді. Ол- Дінмухамед Қонаев. Бабалар аруағына шынайы берілген, халыққа сүйкімді, ұлтқа қадірлі, шынадай мөлдір, аса білікті адам. Егемендікті алғанда халқының алдына балаша қуанып шығып, адал ойын білдірген, “ Ту жығылмасын, Туды ұстаған ұл жығылмасын”,- деп тәңіріне сыйынып халықпен бірге егемендікке қуанып, келешекке сенген.” Болашақ жастардікі, ақиқаттан аттауға болмайды” деген ойын ашып айтты. Д.А. Қонаев- өз заманының перзенті болған ірі тұлға. Д. А. Қонаев есімі Қазақстан халқымен бірге жасары анық ақиқат. Ол кісі бәрімізге ұстаз болған ұлы адам.
Кітапханашы: Р. Рапишева.

