04
апрель
2025
«Баршаға қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасы аясында
![]() |
«Баршаға қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасы аясында 2024-2025 жылы Түркістан облысы іске асырылатын жол картасына және Түркістан облысы білім басқармасының «Білім беруді дамыту орталығы » КММ, 02.04.2025жылы Жетісай ауданы білімі әдістемелік кабинетінің Арыс қаласы білім бөлімі әдіскерлері мен педагогтеріне арналған «Инновация мен креативтілік-білім берудің жаңа тенденциялары » тақырыбындағы әдістемелік күн өткізілді. №7 «Тұран» мектеп-гимназия коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тарих пәні мұғалімі Наханова Гульмира Амантайқызы «Креативті педагог:оқушыларға сапалы кері байланыс беру әдістері» тақырыбында тренинг -сабақ өтті. Тренинг сабағының мақсаты-заманауи білім берудегі инновациялық әдістер, креативті ойлаудың маңыздылығы мен кері байланыстың тиімді әдістерін талқылау, педагогтердің шығармашылық әлеуетін арттыру, жаңа технологияның маңызды әдістерін көрсету. Іс-шара барысында педагогтер заманауи әдіс-тәсілдерді, кері байланыс платформаларын пайдалану, топтық,жұптық жұмыстар ұйымдастырылып, тәжірибе алмасты. Қатысушылар практикалық тапсырмалар арқылы өз дағдыларын шыңдап, қолданған әдістерді өз дәрістерінде пайдалануға мүмкіндік алды. Өз пікірлерін білдіре отырып, алғыс айтты.
