ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ПЕДАГОГТЕРІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОҚЫТУ КУРСЫНЫҢ ҮШІНШІ КЕЗЕҢІНДЕ МАЛАЙЗИЯ ЖӘНЕ СИНГАПУРҒА АТТАНДЫ
Жаңа оқу жылында Түркістан облысы білім басқармасының «Білім беруді дамыту орталығы» КММ 2024-2025 жылдарға арналған «Баршаға қолжетімді сапалы білім» ұлттық баяндамасы аясында Түркістан облысында іске асырылатын Жол картасына сәйкес «Daryn teacher» ЖШС-мен бірлесе отырып халықаралық оқыту курсын ұйымдастырды.
Курс үш кезең бойынша ұйымдастырылды: кезең онлайн,
кезең Алматы қаласында,
кезеңде екі кезеңнен іріктелген педагогтеріміз Малайзия және Сингапурға аттанды.
Халықаралық оқыту курсының үшінші кезеңі 2024 жылдың 24 қарашасы мен 30 қарашасы аралығында «Мұғалімдердің болашақтағы және заманауи білім беру сапасын арттыру» тақырыбында өтуде.
Курстың алғашқы күні педагогтеріміз Малайзия астанасы Куала-Лумпур қаласында орналасқан «Musium Negara Kuala Lumpur» тарихи мұражайына барып, ел тарихымен, мәдениетімен танысты. Мұражайда ежелгі тас дәуірінің бұйымдары, малай халқының ұлттық киімдері мен тұрмыстық заттар, монарх тағы және т.б. құнды жәдігерлер қойылған.
Күннің екінші жартысында педагогтер Куала-Лумпур қаласының көрікті орындарына саяхат жасады. 88 қабаттан тұратын, биіктігі 451 метр әлемге әйгілі «Петронас» қос мұнарасына барып, сәулет өнерінің жетістіктерімен танысты. Мұнарада орналасқан окенариум педагогтер үшін ерекше әсер қалдырды.
Сонымен қатар, педагогтеріміз «Taman botani perdana» ботаникалық бағына барып, сан түрлі өсімдіктер әлемінің ғажайыптарына куә болды.