«Мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбие мен оқыту сапасын бағалаудың жаңа құралдарын енгізу» тақырыбында онлайн оқыту семинары өткізілді. » №7 «Тұран» мектеп-гимназия »КММ
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының
Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің
"№7 «Тұран» мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбие мен оқыту сапасын бағалаудың жаңа құралдарын енгізу» тақырыбында онлайн оқыту семинары өткізілді.
25
февраль
2023

«Мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбие мен оқыту сапасын бағалаудың жаңа құралдарын енгізу» тақырыбында онлайн оқыту семинары өткізілді.







Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының 2023 жылғы 23 ақпандағы хатына сәйкес Жетісай қаласында  орналасқан «Тұран» №7 МГ  базасында «Балаларды ерте дамыту институтының» ұйымдастыруымен «Мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбие мен оқыту сапасын бағалаудың жаңа құралдарын енгізу» тақырыбында онлайн оқыту семинары өткізілді. Семинарға  Шардара, Мақтаарал, Жетісай аудандарындағы мектепке дейінгі ұйым меңгерушілері қатысты. Оқыту семинарында білім беру процесін жетілдірудегі әдістемелік қолдау, мектепке дейінгі білім беру жүйесіне қазақ халқының ұлттық құндылықтарын енгізудің инновациялық бағыттары және мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту сапасын объективті бағалауды қамтамасыз ету мен жүйені жетілдіру қажеттіліктері талқыланып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.