25
январь
2023
Орыс тілі секциясы
![]() | ![]() |
![]() | ![]() |
Бүгін, Түркістан облысының білім беруді дамыту орталығының және Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің жылдық жұмыс жоспарына сәйкес 2023 жылдың 24 қаңтар күні орыс, өзбек, тәжік тілі мен әдебиеті педагогтері үшін Білім беруді дамыту орталығымен бірлескен «Білім мен инновация: білім беру процесіне жаңа көзқарас» тақырыбында ашық есік күні N7 "Тұран" мектеп-гимназиясының базасында өткізілді. Осы аталған ашық есік күніне педагогикалық еңбек өтілі үш жылға дейінгі орыс, өзбек, тәжік тілі мен әдебиеті пәндерінің педагогтары қатысты. Орыс, өзбек, тәжік тілі мен әдебиеті пәндерінен Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскері В.Юсупов жетекшілік етті. Ұстаздармен тәжірибесі мол ұстаздар да бөлісті. Мысалы, N7 " Тұран" мектеп-гимназиясының орыс тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Раимбекова Ұлжан Кеттешқызы шебер -сынып өтті. Осы мектептің орыс тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Назарова Шарафат Құрбанбекқызы оқушылардың білім сапасын жоғарлату мен пәнге қызығушылығын арттыру бойынша өз тәжірибесімен бөлісті. Әдіскер В.Юсуповты жас мамандарға ұсыныстар мен кеңестер берді, түсіндірме жұмыстарын жүргізді, әдістемелік көмегін берді.



