23
февраль
2025
Білімдегі талап, ізденіс және нәтижеге жету стратегиялары.
![]() | ![]() |
Халықаралық оқыту курсының соңғы күні таңмен таласа "Назарбаев зияткерлік мектебіне" физика - математика бағыты бойынша тәжірибе алмасуға бардық.Бұл мектепте ғылым, математика, ақпараттық технологиялар, тілдер мен гуманитарлық пәндер бойынша терең білім беріледі.Әрбір пән мұғалімдеріне арнайы бағдарлама жасалып, олар өздерінің пәндері бойынша екінші және үшінші сабақтарға еніп,тамаша көңіл - күймен шықты.Сабақтар еркін форматта өтілді, оқушылардың оқу дағдысы, тәрбиесі де жоғары деңгейде екенін, мұғалімдері де жоғары дәрежедегі мұғалімдер екенін өздерінің іс - тәжірибесімен бөлісу арқылы дәлелдей түсті. "Назарбаев зияткерлік мектебінің" басты мақсаты - білім сапасын арттыру, ұлттық және халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті, жан - жақты тұлғаларды тәрбиелеу екендігін өз көзімізбен көрдік.
Осыдан кейін конференция залына жиналып, спикер Әлия Арманқызының "Қима қағаздары арқылы сабақты түсіндіру әдіс- тәсілдері" деген тақырыпта сабақ өтті.Қима қағаздары арқылы оқушылардың ой - өрістерін, есте сақтау қабілеттерін арттыруға болатынын бірнеше мысалдар келтіре отырып түсіндіріп шықты.Сабақты түсіндірудің барысында қарапайым қима қағаздарды орынды қолдану арқылы да көптеген жетістіктерге жетуге болатынын көрсетті, дәлелдеді.
Осындай қызықты сабақтан соң 4- тапсырманы орындадық.Бұл тапсырма бойынша "Білім берудегі кедергілерді жою және мұғалімдердің кедергілерді еңсеру жолдары" деген тақырыпта эссе жазуға арнайы уақыт берілді.Осы тапсырмадан кейін елімізге танымал мәдениет және қоғам қайраткерімен кездесу ұйымдастырылды, олар мұғалімдермен диалог жүргізді және әннен шашу шашты.
Әсерлі кездесуден соң, барлық курсқа қатысушыларға : 2024- 2025 жылдарға арналған "Баршаға қолжетімді сапалы білім" ұлттық баяндамасы аясында Түркістан облысында іске асырылатын Жол картасына сәйкес "DARYN TEACHER" ізгілікті ұстаздар қауымдастығымен бірлесе ұйымдастырылған Халықаралық оқыту курсының ll кезеңінде "Креативті педагог бейнесі" тақырыбында өткен 80 сағаттық курсты аяқтағаны үшін деген сертификаттар табысталды.Жалпы бес күндік курс барысында білім беру саласында жаңа көзқарас, тиімді әдістер мен инновациялық шешімдер туралы көптеген қажетті мәліметтер алдым.Курстың әрбір күнінде тың ақпарат, жаңа тәжірибе мен кәсіби өсу үшін қажетті дағдыларды меңгердім.
Құрметті :Бекет Үсенбекұлы, Лиза Айбекқызы, Ақтілек мырза, Айбат мырза және "DARYN TEACHER" ұжымы! Сіздердің жоғары деңгейдегі ұйымдастыруларыңыз, тәжірибелі мамандардың дәрістері мен шебер сыныптары маған жаңа белестерге жетуге және кәсіби шеберлігімді арттыруға үлкен көмегін тигізді.Курстың барысында алған білімдерімді мектепте, жұмыс барысында, өмірде қолдану үшін дайынмын.
Бұл курс маған тек жаңа ақпарат беріп қана қоймай, кәсіби дамуға деген ынтаны арттырды.Осындай мүмкіндікті ұсынғандарыңыз үшін шын жүрекпен алғыс айтамын!
Болашақта тағы да осындай курстарға қатысуға ниеттіміз.Сіздерге
шығармашылық табыстар,жаңа жетістіктер мен бастамалар, денсаулық пен қажыр - қайрат тілеймін!

